Hugo Boss Ресейдегі активтерін сатады

Германиялық киім мен аксессуар өндіруші Hugo Boss AG Ресейде активтерін сатуды және көтерме саудаға қайта бағдарлауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Компания Ресейдегі барлық активтері мен міндеттемелерді сатуға классификациялады, сату туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр, делінген ұйымның есебінде.

Hugo Boss баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта компания «Ресейдегі бизнес-құрылымды қайта қарап, концерннің бизнес-моделіне сай шешім іздеуде».

Hugo Boss 2022 жылдың 9 наурызынан бастап Ресейдегі дүкендерін уақытша жауып, барлық бөлшек сауда операциялары мен онлайн-сатылымдарды тоқтатты. 2021 жылы Ресей мен Украинаға компания түсімінің шамамен 3% -ы тиесілі болды.

Добавить комментарий