Жамбыл облысының тұрғыны алаяққа жарты миллион теңгесін берген

Жамбыл облысының тұрғыны Алматының беделді университетінде баласына грантқа түсіруге көмектесуге уәде берген танысына жарты миллион теңге беріп, алаяқтық құрбаны болды

Тараз қаласы полициясына Түймекент ауылының тұрғыны жүгініп, алаяқтарға алданғанын айтқан. Ол ұлын Алматы қаласының белді университеттерінің біріне грантқа түсіру үшін өзінің танысына 500 мың теңге берген.

Полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер Тараз қаласының 31 жастағы тұрғынын ұсталды, күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр және тәртіп сақшылары мұндай алаяқтық жағдайларының жолын кесуге және азаматтарды қаржылай алаяқтықтан қорғауға бар күшін салуда. Заңға сәйкес күдіктінің кінәсі дәлелденсе, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Добавить комментарий