Одессада Максим Горькийдің бюсті алынып тасталады

Одесса тарихи-топонимикалық комиссиясы Черемушка тұрғын алабындағы паркте орнатылған Максим Горькийдің бюстін басқа жерге ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, қаланың Спиридонов көшесіндегі жазушыға арналған мемориалдық тақта алынып тасталады. Ескерткішті басқа жерге ауыстырылады, бірақ қай жерге әкететіні хабарланбады.

Бұл Одессада алынып тасталған алғащқы ескерткіш емес, 2022 жылдың желтоқсанында Екатерина II мен орыс қолбасшысы Александр Суворовтың ескерткіштері алынып тасталған.

Ескерткіштерді бұзу туралы шешім қоғамда көптеген талқылаулар мен наразылық тудырды.

Добавить комментарий