Астанада шамамен 100 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Астанада шамамен 100 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, үшеуі лицензиясынан айырылды, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты. Қазіргі уақытта Астананың жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасында 244 ЖСО жұмыс істейді. Әділет департаментінің олардың қызметіне тексеру жүргізіп, нәтижесінде 99 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал үшеуі лицензиясынан айырылды. Лицензиядан айыру туралы тағы екі істі қазір Әділет министрлігінің қарауында.

Алайда осыған қарамастан, жеке сот орындаушылары қоғамдағы өзекті болып табылатын мәселені — алимент өндіріп алуға көмектеседі. Қалалық әділет департаменті басшысының орынбасары Азамат Айнабеков алимент өндіріп алу туралы 19 890 атқарушылық іс қозғалғанын хабарлады. Соның ішінде 9 915 атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлердің жалақысынан ай сайын ұстап қалу жүргізілуде, 618 атқарушылық іс жүргізу борышкерлерді іздестіруге жариялауға байланысты тоқтатылды

Сонымен қатар, әділет департаментімен, қалалық прокуратурамен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп үлкен жұмыс атқарды, нәтижесінде алты борышкер қылмыстық жауапкершілікке, ал 79 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке сот орындаушылары жыл басынан бері 600-ге жуық борышкерден 358 млн теңге көлемінде берешек өндірілді.

Добавить комментарий