ІІМ министрі Алматы академиясының курсанттарымен кездесті

ІІМ баспасөз қызметі ведомство басшысының суицид орын алған Алматы Академиясының курсанттарымен кездесуі туралы хабарлады.

Атап айтқанда, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев курсанттың қаза болуына байланысты кешенді тексеру жүргізіліп жатқан Мақан Есболатов атындағы Алматы ІІМ академиясында болды. Оның алдын ала нәтижелері туралы ведомство басшысына арнайы топ басшысы — ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков баяндады.

Оның айтуынша, оқу орнының тек тұрмыстық жағдайы, материалдық-техникалық жабдықталуы тексеріліп қана қоймай, оқытушылар мен курсанттар арасында да моральдық-психологиялық ахуал да зерттеліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, қазіргі таңда жүйелі ақша жинауды көрсететін өрескел бұзушылықтар анықталған жоқ. Сонымен қатар, курсанттардың туыстарының оқу орнының қабырғасындағы қысым көрсетушілік туралы ықтимал хабарламалары мұқият зерделенеді.

«Білім алушылар арасында әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізу барысында өзіне қол жұмсаған курсанттың түрлі сылтаумен туған-туыстарынан үнемі ақша сұрап отырғаны анықталды. Ол сондай-ақ өзге курсанттардан қарызға ақша алып, оның көпшілігін қайтармаған. Курсанттардың айтуы бойынша, соңғы кезде қаза тапқан курсант интернет-казино мен букмекерлік кеңселерге салымдар салумен айналысқан. Дәл осы мақсатқа курсант Саламат Өтегенов туысқандары мен таныстарынан әр түрлі сомаларды иеленді деп болжануда. Сонымен қатар, қылмыстық істі тергеу аясында оқиғаның барлық нұсқалары тексерілуде», — деді ішкі істер министрі Айдар Сайтбеков.

Жоғары оқу орнын аралау барысында Ерлан Тұрғымбаев оқу процесін ұйымдастыру мәселелерімен, сондай-ақ курсанттардың казармаларда тұру жағдайымен танысты. Министр сондай-ақ Академияның оқытушыларымен, курсанттарымен және олардың ата-аналарымен кездесті. ІІМ басшысы жақын арада жаңа басшылық тағайындалатынын, оның басты міндеті — курсанттардың тәртіп деңгейін және кәсіби даярлығын арттыру екенін атап өтті.

Добавить комментарий