Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылды

Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылды. Операция ресейлік полицейлермен бірлесіп жүргізілді. Бұл туралы брифингте ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Тілеген Мәткенов мәлім етті.

«Жақында ғана ресейлік әріптестерімен бірлесіп жүргізілген операция барысында оңтүстік астанадағы тағы бір зертхана жойылды. Үш алматылық ұсталды, олардан 10 кг жуық мефедрон тәркіленді», — деп хабарлады Мәткенов.

Күдіктілер қылмыстық топқа қатысушылардың бірінің пәтерінде іс жүргізуді жолға қойған деп хабарланды. Шикізатқа шетелде тапсырыс берілген, ал дайын есірткілерді Алматыда таратуды жоспарлаған.

«Тінту барысында химиялық реактивтер, есірткі дайындауға арналған жабдықтар мен компоненттер, ауаны желдету жүйесі тәркіленді. Қайғылы оқиғаның алдын алу көлемін бағалау үшін мен тек осы факті бойынша құны 240 млн теңге болатын мефедронның 40 мыңнан астам бір реттік дозасы заңсыз айналымға жіберілмегенін айтамын. Айта кетерлігі, синтетикалық есірткіге қарсы белсенді әрекет ету заңнамалық шаралар кешенін қабылдау салдарынан мүмкін болды», — деп түсіндірді департамент басшысы.

Ведомствоның мәліметінше, 10 айда полиция заңсыз есірткі саласында 1 950 қылмысты, оның ішінде 1 123 өткізу фактісін және 87 контрабанда фактісін анықтады. Алынған есірткінің көлемі 3 тоннаға, оның ішінде олардың синтетикалық түрлерінің көлемі 90 кг-нан астамға өсті.

6 ұйымдасқан есірткі тобының қызметі таратылды. ҰҚТ-ның 5 көшбасшысы және 21 қатысушысы жауапкершілікке тартылды, оларға қатысты 33 қылмыстық іс қозғалды. Қолдануға дайын 65 кг-нан астам есірткі және 140 литр прекурсор алып, 7 есірткі зертханасы жойылды. «Қара нарықта» олардың құны шамамен 1 млрд теңгені құрайды.

Мәткенов бақылаудағы тізімдерге есірткінің жаңа түрлерінің 89 атауын енгізу және олардың тізбесін Үкімет қаулысымен бекіту барлық белгілі психоактивті заттарды құқықтық аймаққа енгізуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Нәтижесінде бүгінгі таңда 96 кг синтетика тәркіленді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен он есеге артық (5,1кг).

Добавить комментарий