Қазақстанның алты өңірінің тұрғындары дала өрттеріне байланысты жарықсыз қалды

Бүгін, 7 қыркүйек сәрсенбі күні дала өрті не байланысты еліміздің бірнеше өңірінде электрмен жабдықтаудан ажыратылды.

Хабарланғандай, бүгін сағат 15:38-де оңтүстік аймақты энергиямен жабдықтау жүзеге асырылатын Солтүстік-Оңтүстік транзитінің құрамындағы 500 кВ Ж-5170 Екібастұз-Ағадыр ӘЖ ажыратылды.

«Аварияға қарсы автоматикасы штаттық режимде жұмыс істеді. Қазақстан БЭЖ-інің және Орталық Азия біріккен энергия жүйесінің қатарлас жұмысы сақталды», — деп атап өтті KEGOC.

Аварияға қарсы автоматика жұмысының әсерінен болатын шектеулердің алдын ала көлемі – 615,9 МВт соның ішінде: Алматы облысы — 180 МВт, Жетісу облысы — 60 МВт, Қарағанды облысы — 182 МВт, Ұлытау облысы — 13 МВт, Түркістан облысы — 36,4 МВт, Жамбыл облысы — 144,5 МВт.

Сағат 15:59-да ӘЖ жұмысқа қосылды, тұтынушыларды энергиямен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді.

Добавить комментарий