Полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Қостанай облысының полицейлері есірткі саудасымен айналысуына байланысты іс тергелуіне байланысты қызметінен кетті.

Атап айтқанда, облыстық ДП есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы және оның орынбасары өз қызметтерінен кетті.

«Қостанай облысы ДП қызметкері А.М. Әмзенің қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары бастады, істі Қостанай облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қызметтік тексеру нәтижелері бойынша басшылық қызметте болған қызметкерлер жұмыстан босатылды.

«Қызметтік тергеу нәтижесі бойынша облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Әлмағамбетов, облыстық ПД Есірткіге қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Қартбаев, Қостанай полиция басқармасының бастығы Базарбаев, Қостанай қалалық ІІБ бастығының орынбасары Шубаев, Қостанай ПД бастығы Атығаев атқарып отырған қызметтерінен босатылды», — деп толықтырды басылым.

Сондай-ақ, Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ынтықбаев пен облыстық ПД кадр саясаты басқармасының бастығы Дүйсебаев жұмыстан босату туралы рапорт жазды.

5 мамырда Қостанайда есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды. Тергеу мәліметері бойынша, полиция қызметкері синтетикалық есірткі сатқан.

Добавить комментарий