Шетелдік басылым РФ-дан заңсыз мұнай экспортталатынын мәлімдеді

Bloomberg басылымы Ресей мұнайды үшінші елдер арқылы заңсыз экспорттап жатқаны туралы материал жариялады.

Ресей батыс санкцияларын айналып өтіп, мысырлық Эль-Хамра терминалы арқылы мұнай экспорттап жатыр, деп хабарлайды газет.

Басылымның мәліметінше, 24 шілдеде Crested танкерімен 700 мың баррель ресейлік мұнай Мысырдың Эль-Хамра мұнай терминалына жеткізілген. Содан кейін Chris кемесі порттан ресейлік жанармайдың бір бөлігін немесе барлығын қамтитын энергоресурстарын алып кетті.

Эль-Хамра терминалы Мысырдың Батыс шөлінде өндірілген шикі мұнайды ауыстырып тиеу үшін салынған. Агенттіктің мәліметінше, бұл жағдай алдағы уақытта ресейлік мұнайды жергілікті мұнаймен араластыруға мүмкіндік береді.

«Ресейлік мұнай жеткізілімдері жасырын жүргізілуде, себебі еуропалық сатып алушылар олардан бас тарта басады», — деп атап өтті Bloomberg.

Бүгінде Chris Мысырдағы Қызыл теңіз жағалауындағы Рас-Шухейр мұнай терминалында тұр. Басылым атап өткендей, аталған терминал ресейлік мұнайды мысырлық мұнаймен араластыруға да мүмкіндік береді.

«Эль-Хамра портын бір реттік жеткізу үшін қолданғаны, әлде ресейлік мұнай ағындары үшін жиі пайдаланатын портқа айналама, жоқ па белгісіз. Бұған дейін ресейлік мұнайды танкерлер испандық Сеута жартылай эксклавында жүктерді кемеден кемеге тасымалдады, ал соңғы уақытта орта Атлантикада тасымалдаған», — делінген басылымда.

Добавить комментарий