Ақмола облысында 120 гектарға жуық орман қоры мемлекет меншігіне қайтарылды

Көзделген мақсатта пайдаланылмаған орман қоры учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Жалпы орман қорының көлемі 120 гектарды құрайды.

Ақмола облысы Ақкөл ауданында жеке меншікке ұзақ мерзімге пайдалануға берілген 118,9 гектар орман қоры мемлекетке қайтарылды. Облыстық прокуратурада хабарлағандай, бизнес субъектілері орман қоры учаскелерін сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін жалға алған, бірақ 2016 жылдан бастап көзделген мақсатта пайдаланбаған, ақы төленбеген.

«Кәсіпкерлер орман өрті қаупінің жоғары болғанына қарамастан, оның алдын алу шараларын жүргізбеді, өртке қарсы жоспар әзірлемеді», — деп атап өтті қадағалау органы.

Мемлекет меншігіне қайтарылған орман қорының құны 678 млн теңге.

Добавить комментарий