Подмосковьеде екі ұшқышсыз ұшу аппараты құлады

Подмосковьедегі Таман дивизиясы ауданында екі ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) құлады.

Дереккөздің мәліметінше, екі ҰҰА Калининец кауылындағы Таман дивизиясындағы (23623 Ә/Б) 15-мотоатқыштар полкінің маңында құлаған.

Ұшқышсыз басқарылатын ұшақтың бірі Жаңа Мәскеудегі Лукино ауылы маңында құлады. Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр. ҰҰА құламас бұрын жарылыс болғаны туралы дерек жарияланды.

Бұған дейін, 13 маусымда РФ президенті Владимир Путин Ресей өңірлеріне жасалған шабуылдар Украинаның Ресей әскери бөлімшелерінің бір бөлігін аса маңызды бағыттардан шығаруға бағытталғанын мәлімдеген. Сондай-ақ, ол Мәскеу Украинаның арнайы қызметтерімен белсенді күресіп жатқанын атап өтті, атап айтқандай Украинаның агенттері мен барлау қызметкерлері ұсталды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі ірі аппараттарға бейімделгенін, ал кішкентай ұшқышсыз ұшақтар жеңіл материалдардан жасалғандықтан, оларды анықтау қиынға соғып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, 3 мамырда Кремльдің баспасөз қызметі ұшқышсыз ұшу аппараттары Ресей президентінің резиденциясына шабуыл жасамақ болғанын хабарлады. Шабуыл салдарынан Сенат сарайының күмбезі зақымданды.

Сондай-ақ, дәл сол күні Солтүстік және Черкизово елді мекендерінің арасында орналасқан Коломна маңындағы орманда ұшқышсыз ұшу аппаратты құлағаны туралы хабарланды.

Добавить комментарий