Факультативтік сабақтарды өткізбей-ақ жадақы алып келген Астанадағы № 49 мектептің директоры тәртіптік тексеру жүргізілгеннен кейін жұмыстан босатылды. Бұл шешім тәртіптік комиссия отырысының қорытындысы бойынша қабылданды, деп хабарлайды елордалық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Оқушылардың Оқу-ағарту министріне жолдаған бейнеүндеуіне жауап ретінде қызметтік тексеру жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды. Тергеу барысында директор тарапынан бұзушылықтар анықталып, басқарманың бұйрығымен жұмыстан босатылды.
Оқушылар келесі жылы тапсыратын емтихандарына қатысты алаңдауда, себебі оларға осы оқу жылында аталған пәндер бойынша сабақ өтілмеді. Бұл жағдай келесі оқу жылында эссе жазып, емтихан тапсыратын оқушылардың наразылығын тудырды.