Қазақстанда кедейлік шегі өзгереді

Қазақстан билігі 1 шілдеден бастап кедейлік шегін айқындауға өзгерістер енгізетін құжатты қабылдады. Агенттік тілшісінің хабарлауынша, билік өкілдері бұл құжатқа қол қойды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасында кедейлік шегі былайша айқындалатын болады: 2023 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген тоқсанының алдыңғы тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ын құрайды 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген медианалық табыстың 50% мөлшерінде айқындалатын болады.

Жаңа бұйрық 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Добавить комментарий