Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қашаған кен орнындағы төтенше оқиға
Солтүстік Каспий жобасының операторы NCOC компаниясы Қашаған кен орнының теңіз кешеніндегі екі айдау ұңғымасының «А» оқпанаралық кеңістігінен флюидтің сынамаларын соңғы іріктеу нәтижесінде күкіртті сутегінің барын анықтады.
Оқиғаға байланысты ұңғымаға кер3 айдалатын газдың көлемі және өндірілетін мұнайдың көлемі тексеру жүргізу кезеңіне азайтылды. NCOC компаниясы Қашаған кен орнында болған төтенше оқиғаның себептері мен ауқымын анықтау мақсатында одан әрі зерттеу бағдарламасымен белсенді жұмыс істеуде.
Мұндай оқиғалар Қашаған кен орнында қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаға нұқсан келмеуін сақтау үшін тиісті назар аударуды және сақтық шараларын талап етеді. NCOC компаниясы осы жағдайды шешу үшін және кен орнының қалыпты жұмыс істеуін қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.