Анасын өлтірген жасөспірімге қатысты үкім шығарылды

Анасын өлтірді деп айыпталған кәмелетке толмаған жасөспірім сот үкімі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Оған мәжбүрлі емдеу шаралары тағайындалды.

Іс материалдарына сәйкес, 8 қаңтарда 15 жасар жасөспірім өз үйінде қысқатолқынды пешті пайдаланып қағаздарды өртеп жіберген

Өртті байқаған ана оған ескерту айтып, отты сөндіреді. Сол сәтте жасөспірім асхана пышағын алып, оның мойны мен кеудесіне бірнеше рет сұғып алған. Әйел оқиға орнында көз жұмды, — делінген Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында.

Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы жасөспірім қылмыс жасау кезеңінде (психикасының бұзылуына (параноидты шизофренияға) байланысты өз әрекетінің қауіптілігін сезіне алмағанын анықтады.

Соттың қаулысымен кәмелетке толмаған бала қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шаралары (психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу) тағайындалды.

Добавить комментарий