Ресей «астық мәмілесін» екі айға созады

РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова «астық мәмілесі» екі айға ұзартылғанын растады.

Ол бұл жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мұқтаж елдерге көмек көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Брифинг барысында Захарова 2022 жылғы 22 шілдедегі Ыстамбұл келісімдеріндегі бұзушылықтарды түзету қажеттігін атап өтті.

Бұған дейін сәрсенбі күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қара теңіз астық бастамасын екі айға ұзартатынын жариялаған болатын.

«Астық мәмілесі» 2022 жылғы 22 шілдеде Ыстамбұлда БҰҰ, Ресей, Түркия және Украинаның қатысуымен жасалды. Екі құжат Украинаның үш порты арқылы астық шығару дәлізін құру және ресейлік азық-түлік пен тыңайтқыш экспортына кедергілерді алып тастау үшін қол қойылды.

Бастама 2022 жылдың қарашасында 120 күнге ұзартылған. Содан кейін, 18 наурызда «астық мәмілесі» тағы да 60 күнге — 18 мамырға дейін ұзартылды.Алайда, мамырдың басында РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «астық мәмілесі» бойынша ресейлік шарттар әлі күнге дейін орындалмағанын мәлімдеді.

Добавить комментарий