Мемлекеттік деңгейде бағаны ұстап тұру оң нәтиже берген жоқ

Қазақстанда бағаның өсуін шектеу бойынша іс-шаралар жүргізілгеніне қарамастан, азық-түлік тауарлары құнының өсуі байқалады.

Қазақстан Президенті Тоқаев мемлекеттік органдардың бағаны ұстап тұру жөніндегі жұмысы оң нәтиже бермегенін атап өтті.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 11 пайызға өсті. Оның жалпы инфляцияға қосқан үлесі 60 пайыздан асты.

Үкімет азық-түлік тауарларының бағасына қатысты мәселелерді шешу жөнінде шаралар кешенін әзірлеуі тиіс. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай тапсырма берді.

«Мемлекеттік органдар тарапынан бағаларды ұстап тұру, оның ішінде сауда желілерін жеңілдікпен несиелеу және сауда үстемелерін орнату сияқты қабылданған шаралар оң нәтиже берген жоқ», — деді Мемлекет басшысы.

«24 көтерме-тарату орталығының құрылысын қамтитын ұлттық тауар өткізу жүйесін іске қосуды жеделдету қажет. Бүгінде жасыл көкөніс импортының 90 пайызы Өзбекстанға тиесілі. Сонымен қатар, бұл елдің Ресеймен сауда-саттығының барлығы дерлік біздің аумақ арқылы жүргізіледі. Осыған байланысты Орталық Азияның Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының жобасы басталды. Орталық құру тауар ағынын ақтап, бизнеске тұрақты және заңды табыс табуға мүмкіндік беруі тиіс», — деп атап өтті ел Президенті.

Добавить комментарий