Батыстың саясаттанушылары ресейлік сарбаздарға арналған әдістемелерге түсініктеме берді

Ресейде ақпараттық кеңістік мемлекеттің бақылауында болып отыр. Украина аумағында соғыс қимылдары басталғалы бері БАҚ деңгейінде ересектерге ғана емес, балалар мен жасөспірімдерге де ықпал ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Оқушылар мен студенттер пропаганданың ықпалына ұшырауда», — деп жазады батыс БАҚ.

Олар өз сөздерінің дәлелі ретінде «мектеп бағдарламасына белгілі бір пәндер енгізілгенін, оның барысында Украинадағы соғыстың ресейлік нұсқасын айтып, оны «әскери арнайы операция» деп атайды.

Идеологиялық жұмыс тек бейбіт халық арасында ғана емес, сонымен қатар әскерилер арасында да, соның ішінде Украина аумағындағы ұрыс аймағында да жүргізілуде.

«Соғысып жатқан ресейліктер соғыстың алғышарттары қандай болғаны туралы ақпарат ала алады. Ақпаратты РФ бақылауындағы украиналық аумақтарда белсенді түрде таратылып жатқан «ӘАО жауынгерінің жауынгерлік парағы» атты жаңа әдістемеден білсе болады», — деп жазады саясаттанушылар.

Олардың айтуынша, «бұл әдістемелік екі нұсқада бар: баспа және видеоролик форматында».

Батыстың саясаттанушылары жауынгерлік параққа қатысты пікір білдірді.

«Мәселен, материал авторлары «арнайы операцияға» қатысушылар не үшін жанын беруі керек деген сұраққа жауап береді. Жауап: Біз өлмейміз, жан дүниеміз мәңгі тірі. Демек, Украина аумағында соғысып жатқан ресейліктер өлмейді, олар өлімсіз.

Фото: Батыс сарапшылары пропаганда Ресей халқына қалай әсер етіп жатқанын айтып берді

Елдің атқамінерлеріне сену керек пе? Жауап — сөзсіз сену керек. Әдістемеде ел басшылығына сенім арту керектігі айтылған, себебі ресейліктер мен ел үкіметі соғыста жеңіске жетіп, өз елінің егемендігін қорғауды мақсат етіп отыр. Халықаралық аренада елді әлем елдерінен оқшаулап, батыс мемлекеттері тарапынан бұрын-соңды болмаған санкцияларға ұшыратқан президентке сенім арту — орынсыз ұсыныс.

Бұл ресейлік пропаганда жауап берген сұрақтардың бірнешеуі ғана. Әдістемеде қазіргі үкімет бәрін дұрыс жасап жатқаны, елді өркендетуге жетелеп жатқан, ел басшылығына сенім артып, Ресей әскеріне қарсы соғысып жатқандардың бәрін қыру керектігі айтылған», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

РФ-да барлық жас санатындағы азаматтар бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Олар барлық жастағы азаматтарға, ересектер мен балаларға, тіпті жауынгерлік іс-қимылдарға тікелей қатысып жатқандарға ықпал етуде. Әдістеменің мақсаты — «арнайы операцияға» қатысып жатқан сарбаздардың пікірін Ресей үкіметін қолдайтындай ету», — деп түсіндіреді саясаттанушылар.

Добавить комментарий