«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын қайтаруды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын бекіту туралы тапсырма берді.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.

Анықтама! Елімізде «Қазақстанның халық әртісі» атағы 1999 жылдан бері берілмеді.

«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы 1993 жылдан 1999 жылға дейін «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» немесе «Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағын алған адамдарға берілді.

21 мамырда Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні атап өтіледі. Президент оларды құттықтап, жаңа шығармашылық табыстар тіледі.

«21 мамыр – Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Ел идеологиясы мен жаңғыруында орны айрықша осы саланың барлық майталманын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!», — деп жазды президент әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев 48 мәдениет қайраткерін марапаттап, оларға «Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері» атағын берді.

Добавить комментарий