Нұр-Сұлтан: Есірткі сатушылар тобының қызметі тоқтатылды

Нұр-Сұлтанда қылмыстық бизнесті ұйымдастырған есірткі саудагерлерінің тұрақты тобының қызметіне тосқауыл қою үшін операция жасалды.

«Қарасора 2020» жедел алдын алу іс-шарасы аясында арнайы операция жүргізілді, соның нәтижесінде «тұрақты канал» жойылды, сондай-ақ елорда аумағына есірткі заттарын жеткізу мен өткізуді ұйымдастырған қылмыстық топтың қызметін тоқтатты», — деді Нұр-Сұлтан қалалық ІД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Олжас Жарылғапов.

Елорда аумағында есірткі сату әрекеті кезінде бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған 27 жастағы күдікті ұсталды, автокөлікті тінту кезінде оның сату үшін дайындаған жалпы салмағы 500 грамнан асатын өлшеп оралған «гашиш» сіріңке қораптары тәркіленді. Сондай-ақ, автокөлік салонында бұрын сотталған 24 жастағы азамат болған, одан тексеру кезінде “гашиш” тәркіленді.

Сондай-ақ елордаға есірткі жеткізіп тұрған негізгі тасымалдаушы болып табылатын серіктесі ұсталды. Ол бұрын сотты болған, 34 жастағы Жамбыл облысының тумасы болып шықты. Оның пәтерін тінту барысында оқ-дәрілері бар тіркелмеген травматикалық қару, есірткі себілгені анықталған электронды салмақ өлшеуіш және есірткі қабылдауға арналған құрал тәркіленді. Екі миллион жүз елу мың теңгенің ақшалай қаражаты, «гашиш» салынған 3 полиэтилен пакеті және сатылуға дайын есірткі толтырылған 265 сіріңке қорабы табылды, — деп хабарлады қаланың ПД.

Жүргізілген арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан — 6 килограмнан астам немесе 3000-нан астам «гашиш» дозасы алынды. Олардың бағасы «Қара нарықта» бөлшек саудадан 9 млн теңгеге жуық ақшалай баламаны құрайды.

Қылмыстық істі тергеу шеңберінде елордаға есірткі жеткізудің қылмыстық тізбегінің басқа қатысушыларын анықтау бойынша жедел іздеу іс-шаралары жүргізілуде.

Есірткі қылмыстарына қатысты ұсталған адамдардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі және ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады, бұл 7 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Ұсталған адамдардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласы ДП УҰИ-ге қамалды, тергеу жүргізілуде.

Добавить комментарий