Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін Қазақстаннан қашып кеткен Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Германияның Любек қаласында жүргені белгілі болды.
Elmedia-ның мәліметі бойынша, ол музыка мектептерінің бірінде әйгілі пианист Эвелинде Трекнердің бюстін орнатуды қаржыландырған.
Бұған дейін, 2022 жылғы 9 маусымда Байбек Қазақстаннан отбасын алып кетіп бара жатқанда Түркияда көрінгені хабарланған еді. Бірақ ол 14 күн өткеннен кейін елге қайта оралмады. 24 қыркүйекте оған қарсы қылмыстық іс қозғалғаны.