Бұзақылар, жауапсыз шенеуніктер және тарихи ескерткіштің тапталуы: Алматыда Уәлиханов ескерткіші қирап жатыр

Әлеуметтік желілерде алматылықтар шетте қалмай дабыл қағуда. Қалада Шоқан Уәлихановтың ескерткіші қирап жатыр. Бұл тек жұмыстардың сапасы мен әкімдіктердің жауапкершілігі туралы ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақты тәрбиелеу деңгейі туралы да айтылып жатыр.

Әлеуметтік желілерде Алматыда жасөспірімдер мәрмәр ескерткішпен сырғанап жүретін бейнежазба таралып жатыр. Бұл фактіге қатысты адамдар екі түрлі пікір білдіріп жатыр.

«Ш.Уәлиханов ескерткіші, Уәлиханов көшесінде (Шевченко көшесінің қиылысы). Жастар үнемі жиналып, скейт тебеді. Секіріп, мәрмәр жарып, жарыс ұйымдастырады! Қараудың өзі ауыр, рас! Күйеуім екеуміз бірнеше рет ескерту жасауға тырыстық, бірақ бізді кім тыңдайды? Олар үшін арнайы бөлінген орындар, алаңдар бар. Неге оларға ескерткіштерді, әдемі жерлерді қиратуға, мәрмәрды сындыруға рұқсат етіледі?»- деп жазды видео авторы және осындай жағдайларда қайда баруға болатынын сұрайды.

Бұл жөнінде пікір білдірушілердің пікірлері екіге бөлінді. Кейбіреулер балалардың мұндай мінез-құлқын әдеттегі вандализм деп атай отырып, наразы болды. Біреулер мұны нашар тәрбиенің салдары деп санады.

«Олар әлі бала ғой! Ескерткіштерді қиратып, лифтідегі батырмаларды жағып, қоғамдық көліктегі орындықтарды кесіп тастасын. Бүл жерде қорқынышты ештеңе жоқ қой. Бұл балалық қой! Ең қорқыныштысы, мұндай балалар адами құндылықтарсыз ересек болып өседі. Вандалдар».

«Мектеп өткенге деген құрметті жеткізе алмады. Үйде маған жұлдызша мен пионер галстугын, комсомол билетін сүйуді үйреткен жоқ, әрқашан жұмыста болатын. Ал мектеп атрибуттарға, ескерткіштерге, өткенге деген сүйіспеншілікті дарытып, әр жазушыны, көсемді бөліп алатынбыз. Бәрін ата-аналарға әкеліп тақаудың қажеті жоқ. Мұғалім мен мектеп ең алдымен махаббатты әсіресе әдебиет пен тарих сабақтарына үйретуі керек деп есептеймін!

 

Щщ

«Мәселе мәрмәрда да емес. Олар экспозицияға кіретін бөлігі бойынша сырғанайды. Бұл мәңгілік оттың үстіне кәуәп қуыруға ұқсайды».

Бірақ көпшілік пікірлерде мұның ешқандай қылмыстық және қорқынышты ештеңе жоқ деп жазды.

«Мен жергілікті алматылық емеспін, бірақ менің білуімше бұл жер жастардың кездесетін жері болатын, ол жерді «чоканка» деп атаған. Нақты бір адамның тыныштығын бұзу жаман емес — егер ішімдік ішіп, оқ атса, өлтірсе немесе тағы басқа бір нәрсе болса, онда салмақты қадамдар жасау керек шығар — әйтпесе жастардың түнгі және компьютер клубтарында жүруінен гөрі олардың жақсы демалуына мүмкіндік беріңіз».

«Тыйым салмау керек. Әрбір шағын ауданда скейтпен сырғанауға арналған орындарды бөлу керек. Алаңдарды жабдықтау керек. Әр ауданның әкімі мұны жасай алады. Өз ауданының азаматтары үшін».

«Мұндай субмәдениеттердің дамуы өте жақсы. Өздері ешқашан жас болмағандай. Уәлиханов бақытты болар еді! Полиция шақырған екіжүзділердің үстілерінен күлетін едім…»

Мен сол жерде дүниеге келіп, сол жерде ойнадым. Біздің үстімізден ешкім полиция шақырып шағымданған жоқ. Скейттер мен роликтер де болды. Мен 84-ші жылғымын. Мен 35-темін. Бұл мәрмәрді Брежнев пен Сталин көрді. Біздің кезімізде жақсы еді. Кілең шағымдар».

Ескерткіштің скейтерлерден емес, материалдың сапасының нашарлығынан және сұрақтарды мердігерлерге қойған дұрыс деген пікірлер де бар. Адамдар Алматыда мұндаймен айналысуға арналған алаңдар жетіспейтінін айтты.

Сондай-ақ, видеоға пікірлерде Медеу ауданының әкімдігінен «Полицияға жеткіздік» деген хабарлама қалдырылды.

Добавить комментарий