Алматы облысы ҰҚКД-ның бұрынғы бастығы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде сатқындық жасағаны үшін сотталды.
2023 жылғы 6 сәуірде Талдықорған қалалық соты Алматы облысының ҰҚКД-ның бұрынғы бастығы өз қоластындағы қызметкерлеріне 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде департамент ғимаратынан кетуге және құпия құжаттаманы жоюға заңсыз бұйрық бергені үшін оған қатысты үкім шығарды.
Нәтижесінде бұл кейіннен ҰҚКД ғимаратын басып алуға әкеліп соқтырды.
Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 362-бап бойынша кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағынан және мемлекеттік наградалар мен ордендерден айырылды. Iстiң мән-жайлары «құпия» белгiсiнде болады.