Пара алған шенеунікке 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Ақмола облысында шенеунік пара алғаны үшін 10 жыл бас бостандығынан айырылды.

Ақмола облысында шенеунік ірі көлемде пара алғаны анықталды.

Хабарланғандай, жемқор келісілген 30 млн теңгеден 13 847 430 теңгесін алып үлгерген.

Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаев пара алғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

«Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салумен ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.

Шенеунік 13 847 430 теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол жалпы қамқорлығы үшін коммерциялық ұйым өкілдерінен ақша алған. 2020 жылы Димаш Таласбаев фирмаға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін кепілдік берілген арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі оператор ретінде айқындауға жәрдем көрсеткен. Жемқор 30 млн теңге талап еткен, бірақ ол келіссілген соманың бір бөлігін ғана алып үлгерген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Добавить комментарий