«ҚазТрансОйл» АҚ Германияға тасымалданатын қазақстандық мұнай көлемін ағымдағы жылдың сәуір айында 100 мың тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қазақстан Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сай, «ҚазТрансОйл» АҚ сәуір айында 100 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнайды «Дружба» мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы әрі қарай Германияға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазiргi уақытта Қазақстан мен Германия арасындағы мұнай транзитi 2002 жылы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында жасалған келiсiмге сәйкес жүзеге асырылады. Өткен айда «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 40 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнай жөнелтті, ал 2022-ші жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын.