«Жолаушылар тасымалы» компаниясы Алматы әкімдігімен бірлесіп, безендірілген мерекелік Тальго пойызын іске қосты. «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жобаның мақсаты жолаушылар үшін сапарларды жайлы, қызықты және танымдық ету.
Безендірілген мерекелік жолаушылар пойызы елорда вокзалынан алғашқы рейске аттанып, күн сайын Астана мен Алматы арасында қатынайды. Бұл «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның алғашқы тақырыптық пойызы емес. Жаңа жылдық мерекелердің алдында Астана-Бурабай курорты бағытында жүретін құрам безендірілген болатын.