Түркістан облысында аңшылыққа шыққан мұғалім жоғалып кетті. Іздеу жұмыстары бір аптадан бері жалғасуда.
Мұғалімді іздеуге құтқарушылар мен еріктілер тартылды. Сүңгуірлер жұмыс істеп жатыр.
Іздеу тобына көршілес ауылдардан жүзден астам адам ерікті түрде қосылды. Үш баланың әкесін табу үшін еріктілер су деңгейін төмендету үшін арнаны жабуға мәжбүр болды..
Аталып өткендей, ер адам аңшылыққа кетіп, қайта оралмаған.
Алдағы күндері өңірде нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде. Жауын-шашын іздеу жұмыстарын қиындатады.