Мұнара краны құлауы: жұмысшы қаза тапты

Нұр-Сұлтандағы құрылыс алаңдарының бірінде болған апаттан жұмысшы қаза тапты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, мұнара кранының кабелінің үзілуі металл ілгектің құлауына әкеліп соқты. Нәтижесінде бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапты.

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, 15 мамырда түнде Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 50 мекенжайы бойынша, «Тұран 1» КТҮК құрылыс нысанының аумағында болған авария орын алды. Құрылыс салушы — «Empaire» ЖШС.

«Жүк көтергіш механизмді пайдалану кезінде (мұнара краны, кран жеткізуші ЖК «Krans Service Group») авария орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, мұнара кранының кабелінің үзілуі металл ілгектің (гак) құлауына әкеліп соқты. Нәтижесінде бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапты», — делінген хабарламада.

Нұр-Cұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы осы жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрады. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкері аварияның себептері мен мән-жайларын анықтау мақсатында осы комиссияның жұмысын басқаратын болады.

«Тергеу нәтижелері қосымша хабарланатын болады», — деп толықтырды ведомстводағылар.

Добавить комментарий