Қарағанды: Прокуратураның баспасөз қызметі жолдарды жөндеуге бөлінген 2 млрд теңге жымқырылды

Қарағанды облысының прокуратурасы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

«Атап айтқанда, Қарағанды қаласының Коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғалары нақты орындалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойып, бюджет қаражатының ұрлануына жол берген», — деп хабарлады Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның, оған теңестірілген адамдардың, лауазымды адамның, егер олар өзінің қызметтік жағдайын пайдаланумен ұштасқан болса, аса ірі мөлшерде бөтен мүлікті иемденуі немесе ысырап етуі).

Добавить комментарий