Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны шамамен 3,5 мың адамға жетті. Бұл туралы вице-президент Фуат Октай мәлімдеді.
Оның мәліметі бойынша, қаза тапқандар саны 3 419 адамға дейін артты, 20 534 адам жарақат алды.
Бұған дейін 3 381 адам қаза тауып және 20 436 адам зардап шеккені хабарланған болатын.
Еске сала кетейік, 6 ақпан, дүйсенбі күні Түркияның оңтүстік-шығысында бірнеше жер сілкінісі орын алған болатын. Алап жер асты дүмпуінің магнитудасы 7 балдан асты. Табиғи апаттардың салдарынан күллі Түркия бойынша көптеген ғимараттар құлады.
Түркияда елдің оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісіне байланысты қаза тапқандар үшін жеті күндік жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Елдегі және көршілес Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 4 мыңнан асты. Елде жер сілкінісіне байланысты төртінші дәрежелі дабыл деңгейі жарияланды. Түркия билігі халықаралық көмекке жүгінді.
Бүгін Қазақстанның ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға ұшып кетті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін осындай тапсырма берді.