Қазақстандық майнерлерді электр энергиясын ажыратады

Қазақстан үкіметі электр желілеріне көп жүктеме салынғанда майнерлерді электр энергиясынан ажыратады.

Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Әсет Мағауов хабарлады.

«Майнерлерге қатысты, шын мәнінде, мұндай проблема бар, атап айтқанда, атом-энергетикалық қадағалау комитеті KEGOC-пен бірлесіп ревизия жүргізді, соның барысында Жамбыл облысы бойынша 12 «сұр» майнинг нысаны және Павлодар облысында 1 «сұр» майнинг нысаны анықталды», — деп атап өтті вице-министр.

Қадағалау іс-шараларының нәтижелері бойынша қуаттылығы 120 мегаватт болатын 13 нысан өшірілді.

«Бұдан бөлек, KEGOC сұраныс артқан кезде халықты емес майнингтік компанияларды желіден ажырату бойынша шара қабылдайтынын айтты. Біздің ойымызша, осы іс-шаралар қыстағы жылу беру маусымын тоқтаусыз өткізуге мүмкіндік береді», — деп есептейді Мағауов.

Қазақстанда электр энергиясы тапшы: ШҚО желіден ажыратылды, Шымкент тұрғындары жарықтың жиі сөнетініне шағымдануда.

4 қарашада KEGOC Қазақстанда электр энергиясын тұтыну көлемі өскенін мәлімдеген, бұл оның тапшылығына алып келді. 5 қарашада Энергетика министрлігі майнерлердің кесірінен елде энергия тапшы деген ақпаратқа түсініктеме берді.

10 қарашада энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев заңнама талаптарын сақтайтын майнинг-фермалар электр энергиясынан ажыратылмайтынын мәлімдеді.

Добавить комментарий