Бос жұмыс орнын іздеу бойынша онлайн-платформада ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2022 жылы вахта жұмысшыларының жалақысы 1,6 млн теңгеге жетті.
2022 жылдан бастап жалпы ел бойынша вахта саласына барлық бос жұмыс орындарының шамамен 4%-ы немесе 20 мыңнан астам вахталық жұмыс болды. Вахталық қызметкерлерге ең көп сұраныс Атырау (2022 жылдың басынан бастап вахталық бос орындардың 16%-ы), Қарағанды (12%) және Алматы (7%) тұр.
Вахталық жұмыс іздеушілер тарапынан өңірлер бойынша жағдай мынадай: вахталық жұмыс іздегендер ішінде ең белсендісі астаналықтар (осы жылғы саладағы жалпы көлемнің 27%-ы). Сондай-ақ, Алматы, Ақтөбе және Ақтау вахташылары жұмыс іздеуде белсенділік танытуда — түйіндеменің 7-12%-ы аталған қалаларға тиесілі.
Вахта қызметкерлеріне ең көп сұраныс мына салаларда:
- Құрылыс, пайдалануға беру, жобалау;
- Өндіруші сала;
- Металлургия, металл өңдеу.
Алайда басқа мамандықтардың өкілдеріне де жұмыс табуға болады — аспаздар, күзетшілер, күтушілер, бағдарламашылар, дәрігерлер, тіпті сатушылар үшін вахталық ұсыныстар бар.
Орта есеппен алғанда, 2022 жылы вахта жұмысшысына 350 мың теңге ұсынылды, бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен жоғары. Ең «қымбат» вахталық бос орындар рейтингін мұнай-газ саласындағы жобалау инженері бастап тұр, маманға 1 600 000 теңгеден аса жалақы ұсынылады. Екінші орында — Теңіз кентіндегі ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша менеджер, айлық 1 500 000 теңге. Үшіншісі — Қарағандыда технологиялық жабдықтар мен құбырларды дәнекерлеуші 1 300 000 теңге, жалақысы 1 300 000 теңгеден басталады.