Нұрдәулет Қилыбай «Өзенмұнайгаздың» бас директоры болып тағайындалды.
«Өзенмұнайгаз» АҚ Директорлар Кеңесі шешімімен ӨМГ Бас директоры – Басқарма төрағасы болып Қилыбай Нұрдаулет Игілікұлы тағайындалды Жаңа басшыны компания ұжымына «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Ақтау қаласындағы Өкілдігінің атқарушы директоры Есен Өтеев таныстырды», — делінген хабарламада.
Нұрдәулет Қилыбай 2018-2020 жылдары аралығында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды. 2020 жылдың маусым айынан бастап 2022 жылдың қазан айына дейін Ақтау қаласының әкімі. 2022 жылдың 3 қазанында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне қайта тағайындалды.