Әлеуметтік желілерде «Мега» cауда орталығының аумағында ер адам жас қызды өлтіргені туралы хабарлама жарияланды. Артынша ол өзіне қол жұмсаған.
«Бүгін Розыбакиев көшесінде орналасқан Мега сауда үйінің аумағында адам өлтіру + суицид болды. Жігіт салонға кіріп, сүйіктісін өлтіріп, кейін өзіне өзіне қол жұмсаған», — делінген хабарламада.
Алматы полиция департаменті аталған фактіні растады.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды. Кісі өлтіру мен өзін-өзі өлтірудің жағдайы анықталып жатыр», — деп хабарлады полицейлер.