Доллардың теңгеге қатысты бағамы көтерілді

Қазақстанда доллардың теңгеге қатысты бағамы көтерілді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша 18 қаңтарда бір доллардың бағасы 464,34 теңге болды.

Бір тәулік ішінде доллар бағамы 0,24 теңгеге қымбаттады, бір айда 3,7 теңгеге арзандады.

Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде долларды 463-463,5 теңгеден сатып алып, 467 теңгеден сатып жатыр.

ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 86,7 долларды құрайды.

Добавить комментарий