Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылғы 5 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде коронавирус инфекциясын (КВИ) жұқтырған қанша науқас анықталғанын хабарлады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19-дың тәуліктік өсімі бір күн бұрын 87 жағдай болса, бүгін — 115 жағдай тіркелді.
Қазақстанда COVID-19 жұқтыру бойынша бір тәулік ішіндегі жағдай
Денсаулық сақтау министрлігінде нақтылағандай, 5 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 447 адам коронавирус инфекциясынан (–2 273+ және 174 КВИ-) емделуде
305 пациент стационарда;
2 142 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
14 адамның жағдайы ауыр,
4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.