Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоматериалдардан белгілі болғандай, №34 және №21 автобус маршруттарында жұмыс істеген екі жүргізуші қоғамдық жерде төбелескен. Бұл фактіні куәгерлері ұялы телефондарына түсіріп алған.
Олардың жұмыстан шығарылғаны туралы ақпарат жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Белгілі болғандай, сол күні кешкі сағат 19:00 шамасында №34 және №56 автобустардың жүргізушілері төбелесіп қалған.
«Shymkent Bus» және «Радуга-Транспорт» ЖШС басшылығы жиын өткізіп, қызметкерлерге жолаушыларды тасымалдау кезінде қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы ережелерін сақтауды талап етті. Транспорттық компаниялары құқық бұзушылармен кешірмей, оларды жұмыстан шығарды.ъ