Алакөл: Төрт демалыс орны өртенді

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Алакөл көлінің жағалауында шыққан өрт шамамен алты сағат ішінде сөндірілді.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, қатты жел салдарынан өртті сөндіру қиынға соқты. Қызыл жалын бір ағаш үйден екіншісіне тарады. Өрттің алдын ала аумағы 3000 шаршы метрді құрады. Төрт демалыс орны отқа оранды.

7 адам медициналық көмекке жүгінді, тексеруден кейін және алғашқы көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ екендігін анықталды.

Өрттің шығу себебі анықталады. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде.

4 шілдеде 23 сағат 20 минутта Үржар ауданындағы Алакөл көліндегі демалыс базаларының бірінде өрт шықты. Сондай-ақ құрғақ шөп өртенуде.

Добавить комментарий