Германия канцлері Олаф Шольц Süddeutsche Zeitung басылымына берген сұхбатында ГФР не үшңн Украинаға танк бермеуі керек екенін айтты.
Ол бұның үш себебін атады.
Біріншіден, Шольцтің айтуынша, Германия Украинаны барынша қолдап жатыр. Мәселен, Берлин Киевке заманауи қару-жарақ жеткізуде.
Екіншіден, Германия Ресей мен НАТО арасындағы тікелей қақтығыстың алдын алады.
Үшіншіден, Берлин жалғыз өзі әрекет етпейді, себебі Батыс елдері жасырын келісім жасасқан, оған сәйкес Киев билігіне ешкім танк бермейді. Германия танк беретін болса бірінші болып келісімді бұзады және жағдайды ұшықтырады.
Шольц елдің көптеген тұрғындары бұл мәселеде өзінің ұстанымын қолдайтынын айтты