Литва Президенті Путиннің Калининградқа сапарына қатысты пікір білдірді

Литва президенті Гитанас Науседа Ресей президентінің Калининградқа жұмыс сапарына аса мән бермеу қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол кеше, 2022 жылғы 1 қыркүйекте айтты.

«Мен бұған қатты мән етпеймін, бұдан да маңызды істер бар, Бүгін 1 қыркүйек, Ғылым мен білім күні. Бұл Владимир Путиннің Калининградқа сапарынан гөрі маңызды оқиға», — деп мәлімдеді Науседа.

Президент Путиннің Калининградқа сапарын алдағы аймақтық сайлаумен байланыстырады.

«Менің ойымша, бұл Ресейдің ішкі саясаты. Сіздер өңірлік сайлау өтетінін жақсы білесіздер, бұл сапармен ол қазіргі Калининград губернаторын қолдауға тырысып жатқан сыңайлы», — деді Науседа.

«Сондықтан бұл бізді қатты алаңдатпауы керек. Жалпы алғанда, шектен шығып кеткен ресейлік риторикаға сабырлық танытып, қатты мән бермеу керек», — деді Мемлекет басшысы.

Дүйсенбі күні Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков осы аптада Путин Калининградқа сапармен баратынын хабарлады.

Добавить комментарий