Қазақстан 2023 жылы запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыруды жоспарлап отыр.
Қорғаныс министрлігінде «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы әзірленді.
«Офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2023 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын», — делінген қаулыда.
Жобаға сәйкес, әскерге шақыруға 345 офицер жатады, оның ішінде:
ҚР Қарулы Күштері — 260 адам;
ҚР ҰҚК Шекара қызметі — 60 адам;
ҚР ТЖМ — 16 адам;
Ұлттық ұлан — 9.