Осы сәттен бастап eGov.kz порталында қазақстандықтарға мемлекеттік тіркеу нөмірін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеткізуді рәсімдеуге мүмкіндік беретін қызмет пайда болды.
Бұл үшін қажетті мәліметтерді, тұратын мекен-жайын көрсету және қызмет ақысын төлеу жеткілікті. Содан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкері мемлекеттік нөмір мен күәлікті үйге әкеліп береді.
Біз үшін ең бастысы азаматтар үйде отырып автокөлік сатып алуға байланысты қызметтердің барлық пакетін алған жағдайда көлікті ресімдеу процесін толығымен автоматтандыру болды.
Егер бұрын бұл үшін қазақстандықтарға кем дегенде екі рет мамандандырылған ХҚКО-ға бару керек болса, қазір eGov.kz порталында нөмірлік белгіні таңдау, қайта рәсімдеу, автокөлікті есепке қою, тіпті мемлекеттік нөмір мен куәлікті жеткізуді онлайн рәсімдеуге болады», — деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Жеткізуді рәсімдеу үшін «Электрондық Үкімет» порталында «Автомобиль көлігі» кіші бөлімінде, «Көлік және коммуникация» бөлімінде жеткізуді рәсімдеу үшін «МТНБ және КҚТК үйге жеткізу» қызметін таңдап, авторизациядан өтіп және оған тапсырыс беру қажет. Сондай-ақ сізге жаңа және алып тастаған МТНБ, КҚТК, Арнайы ХҚКО-ның атауын және толық мекенжайын көрсете отырып, барлық міндетті жолдарды толтыру қажет. Одан кейін қызмет ақысын төлеп, ЭЦҚ көмегімен немесе бір реттік смс-пароль арқылы сұрау салуға қол қою қажет (міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек). Қызмет жеке тұлғаларға қолжетімді. Қызмет көрсету мерзімі — 1 жұмыс күні.