Қазақстанда зергерлік саладағы өндірістің 3,2%-ға қысқаруы аясында неке сақиналарының бағасы көтерілді.
Ашық ақпарат көздерінен хабарлағандай, Қазақстанда жыл басынан бері 1,15 млрд теңгеге зергерлік және әшекей бұйымдар өндірілді, бұл былтырғы көрсеткіштен 4,1%-ға жоғары. Бұл ретте сектордағы шығарылым нақты мәнде 3,2%-ға қысқарды.
Биыл зергерлік бұйымдардың бағасы да айтарлықтай өсті. Осылайша, 2022 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша алтыннан жасалған неке сақиналары 2021 жылғы қарашамен салыстырғанда бірден 37,6%-ға қымбаттады.
Неке сақиналарының ең қымбаты Солтүстік Қазақстан облысында: мұнда олардың бағасы бірден бір жылда 71,6%-ға өсті. Одан кейін Жетісу және Алматы облыстары тұр: сәйкесінше 68,3% және 66,6%.
Сондай-ақ Астана, Шығыс Қазақстан, Алматы және Ақмола облыстарында да айтарлықтай баға өсімі байқалды (44,9%).
Неке сақынасының ең арзаны Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында байқалды.
2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ҚР-да 98,3 мың неке тіркелді, бұл 2020 жылғы «коронадағдарыстық» кезеңді есепке алмағанда, соңғы жылдардағы ең төмен көрсеткіш.