Украина порттарында 25 миллион тонна астық тұрып қалды

Германия СІМ басшысы Анналена Бурбок 25 миллион тонна астық тұрып қалғанын мәлімдеді.

Ол Германияның солтүстігіндегі Вангельс (Шлезвиг-Гольштейн федералдық жері) коммунасында Үлкен жетілік елдерінің (Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, АҚШ, Франция және Жапония) Сыртқы істер министрлерінің кездесуі басталар алдында осылай деп мәлімдеді.

Берлоктың пікірінше, Украинадағы дағдарыс жаһандық дағдарысқа айналды, бұл, ең алдымен, «Украинадан астықты шетелге шығаруға болмайтынына» байланысты.

Қазір Украинаның порттарында, бірінші кезекте Одессада 25 миллион тонна астық қаңтарылып тұр», – деді Бербок.

Министр бұл әсіресе Африка мен Таяу Шығыс елдерінде сұранысқа ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, азық-түлік дағдарысы жаһандық климаттық өзгерістермен күрделене түседі.

Добавить комментарий