Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге қатысты мораторийді ұзарту туралы жарлыққа қол қойды.
«Қазақстан Республикасында тексерулер мен профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлықта: «Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін аралап тексеруді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын.
Сонымен қатар, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулерге рұқсат беріледі».