РФ мен Украинаның Қорғаныс министрліктері әскери тұтқындармен алмасты. 60 ресейлік және 60 әскери үйлеріне оралады.
«Ресей Аэроғарыш Күштері әскери-көлік авиациясының ұшақтарымен тұтқыннан босатылған әскери қызметкерлер Ресей Қорғаныс министрлігінің медициналық мекемелерінде емделу және оңалту үшін Мәскеуге жеткізіледі. Тұтқыннан босатылғандардың барлығына қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі», — деп хабарлады РФ Қорғаныс министрлігі.
1 желтоқсанда Ресей қорғаныс министрлігі келіссөздер нәтижесінде Украинада тұтқында болған 50 ресейлік әскери қызметкер босатылғанын жариялады.
Қараша айында РФ Қорғаныс министрлігі келіссөздер қорытындысы бойынша Украинаада тұтқыннан әскерилердің босатылғанын ресми түрде бірнеше рет хабарлаған болатын. 26 қарашада — тоғыз, 24 қарашада — 50, 23 қарашада — 35 ресейлік әскери қызметкер босатылды.