Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Алмас Арзықұлов: “Мәжіліс жаңа форматта жұмыс істейтін болады”

14 января 06:23 / Опубликовано в Пікірлер

Мәжіліске жаңа көзқарастары мен идеялары бар азаматтар келді. Төменгі палата енді ескі форматта жұмыс істемейді. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының іріктелген тізімі туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімі басшысының орынбасары Алмас Арзықұлов осындай пікір білдірді.

“Партиялар сайлау қорытындысы бойынша Мәжіліс депутаттарының тізімін жариялады. Егер үш партияның қай-қайсысын алсақ та, біз тізімнің 70%-ға жаңартылғанын көріп отырмыз. Құрамы өзгертілді, Президент айтқан квотаның үлесі де сақталды”, – деді тілшімен телефон арқылы сұхбатында Алмас Арзықұлов.

Оның айтуынша, “Nur Otan” партиясынан ұсынылған тізімінде барлық саланың өкілдері бар.

“Олардың арасында мемлекеттік қызметте, білім және медицина саласында, өнеркәсіп саласында, үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеген адамдар бар. Бұған айрықша назар аудару керек – “Nur Otan” партиясы Президенттің әйелдер мен жастарға арналған 30% квота бойынша тапсырмасын орындады. Бұдан бөлек, жаңа көзқарасы мен идеялары бар азаматтардың келгенін атап өтуге болады. Менің ойымша, Мәжіліс енді бұрынғы форматта жұмыс істемейді. Жаңа тұлғалар жаңа көзқараспен, жаңа идеямен және жаңа жобалармен келеді. Олар саясатты басқаша жүргізеді деп ойлаймын”, – деп есептейді сарапшы.

Ол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің жұмысы Мәжілісте айқын көрініс табатынына сенім білдірді.

“Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері енді депутат ретінде қоғамның ең өзекті және маңызды мәселелерін шешуге тырысады. Жаңа Парламенттің тағы бір ерекшелігі – жаңа тұлғалармен қатар көреген саясаткерлер тізімде қалды. Егер тізім толығымен жаңартылса, жаңа ұрпаққа жол сілтеушілер қалмас еді”, – деп атап өтті сарапшы.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: Алмас Арзықұлов, депутат, жаңартылған тізім, мәжіліс, Нұр Отан, пікір, сайлау, сарапшы, Қазақстан

Читать ещё

Саясаттанушының пікірінше; Қазақстан алаңдатарлық белгі алды
Есетжан Қосыбаев: “Біздің кинематографқа эволюция қажет” (1. б)
А.Аймағамбетов: “ҰБТ-ны өткізу кезінде жаппай тәртіп бұзу әрекеттері болды”

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Павлодарда ер адам әйелді мылтықпен атып өлтірді

    Павлодар облысы полиция департаменті Павлодарда...
  • 419 теңге: Қазақстандағы доллар бағамы

    Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясын...
  • Беларусь: Наразылық акцияларын қаржыландырған күдіктілер ұсталды

    Ашық дереккөздерден алынған мәліметтерге сәйкес...
  • Лаңкестер кибер кеңістікте белсенді жұмыс істеуде: 3-ші бөлім

    Жалғасы. Материалдың басын және 1-ші және 2-ші ...
  • Лаңкестер кибер кеңістікте белсенді жұмыс істеуде: 2-ші бөлім

    Жалғасы. Материалдың басын біздің сайтымыздан о...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: