НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг РФ-ға жеңіске жетуге жол беруге болмайтыны туралы кезекті мәлімдеме жасады.
Солтүстік Атлант альянсы елдері Украинамен тығыз жұмыс істеп, Киевті соңына дейін қолдауға келісті. Бул туралы сейсенбі күні НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг ұйымға мүше елдердің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының отырысы барысында журналистерге мәлімдеді.
«НАТО одақтастары Украинаны соңына дейін қолдайды. Біз шегінбейміз. Одақтас елдер Украинамен тығыз жұмыс істеуге келісті», — деді ол.
Столтенберг кезекті рет Украинаның жеңіліске ұшырауына және Ресейдің жеңіске жеткіне жол беруге болмайтынын мәлімдеді, себебі бұл «авторитарлық режимдерге күш қолдануға болады» деген белгі болады. «Украинаны қолдау — НАТО қауіпсіздігі үшін», — деді ол.
Бұған дейін The New York Times газеті Солтүстік Атлант альянсының өкілдеріне сілтеме жасап, НАТО елдері Украинаға жалпы сомасы $40 млрд болатын қару бергенін хабарлады, бұл Францияның жылдық әскери бюджетімен бірдей. Бұл ретте НАТО-ға мүше 30 елдің 20-сы Украинаға қару-жарақ жеткізу мәселесінде өз ресурстарын тауысты, әсіресе Польша мен Балтық жағалауы елдері ауыр жағдайға тап болды.
Дегенмен, ұйымның қалған 10 мүшесі қару жеткізуді жалғастыру мүмкіндігін сақтап қалды. Олардың ішінде Франция, Германия, Италия және Нидерланд бар.