ҚР-да зейнетақы жинағын алу үшін жеткіліктілік шегін төмендету жоспарлануда

Қазақстанда зейнетақы жинағын алу үшін жеткіліктілік шегін төмендету мүмкін.

Бұл мәселені жұмыс тобы қарастырып жатыр, деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Министр айтып өткендей, ол бұған дейін айтылған жеткіліктілік шегін төмендету керек деген ұсыныстарды естіген.

«Қазір бұл мәселе бойынша Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр. Сондықтан біз бұл мәселені жұмыс тобында қарастыратын шығармыз», — деп мәлімдеді Дүйсенова.

Добавить комментарий