ҚР Премьер-Министрі АрселорМиттал вице-президентімен кездесті

ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоял Қазақстанға келді. Ол премьер-министр Әлихан Смайылов кездесті. Бұл туралы Үкімет басшысының сайтында хабарланды.

Әлихан Смайылов кәсіпорын басшылығының назарын жұмыскерлердің өлімі мен жарақаттануына әкеп соқтырып жатқан өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы елеулі кемшіліктерге аударды. Сондай-ақ комбинаттың экологияға келтіретін зардабы туралы және өндірісті жаңғыртуға бағытталатын инвестициялар көлемінің жеткіліксіз екенін айтты.

Премьер-Министр жағдайды түзету үшін түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті.

Өз кезегінде Виджай Гоял «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының өліміне әкелген жуырдағы төтенше жағдайға байланысты өкінішін білдірді. Ол жағдайды жеке өзі қарастырып, түйткілді мәселелерді шешу мақсатында қосымша шаралар пакетін әзірлеу үшін Қазақстанға арнайы келгенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-Министр компания міндеттемелерінің орындаулы Үкіметтің ерекше бақылауында болатынын атап өтті.

2022 жылыс3 қарашаға қараған түні Ленин атындағы шахтада бұрғылау жұмыстары кезінде жарылыс болып, бес жұмысшы қаза тапты. Бастапқыда төрт адам қаза тапқаны хабарланған, кейін құтқарушылар бесінші жұмысшының денесін тапты. Оқиға орнынан 106 шахтер эвакуацияланды. Апаттан кейін кейбір депутаттар «АрселорМиттал Теміртаудың» меншік иесін ауыстыруды талап етті.
Кейіннен ҚР ТЖМ басшысы Юрий Ильин іс бойынша күдіктілер тізімінде «АрселорМиттал Теміртау» басшылығын қоса алғанда 26 адам барын айтты. Қайғылы оқиғаға жауапты лауазымды тұлғалардың арасында «АрселлорМиттал Теміртау» бас директоры Биджу Наир және АМТ көмір департаментінің директоры Джелсон Батиста бар.

Добавить комментарий